Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.04.2015

Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мемлекеттік марапаттарын табыстады


Аудан әкімі Серік Құсайынов ЕлБасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен «Мемлекет алдындағы ерен еңбегі, қоғамдағы белсенді қызметі және Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына арналған» мелмекеттік марапаттары Алмалы ауданы ардагерлері Софья Румянцеваға («Құрмет» ордені) және Исабай Қалмұханға («Ерен еңбегі үшін» төс белгі) табыстады.

Сонымен бірге аудан басшысы 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған біріңғай төс белгілерін аудан ардагерлеріне тақты.

Румянцева Софья Аркадьевна

1924 жылы туылған

Туған жері Барнаул қаласы

1945 жылы шілде айында әскерден оралған ол советттік кәсіподақ, партия органдарында және мәдени ағартушылық мекемелерінде оқып, қызмет жасаған. Облыстық арқарушы комитетітің аға инструкторы қызметінде болып, мәдени қызметкерлер кәсіподақтық насихаттаушы, ағартушы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасында 1963 жылдан бері тұрады, әр жылдары Мәскеуде жұмыс жасаған. Зейнеткер құрмет демалысына 1979 жылы шыққан.

Исабай Калмухан

1925 жылы туылған

Туған жері Павлодар облысы Баянауыл ауылы

1943 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылған. 1954 жылдың күзінен запастағы жауынгер. Орта мектепті аяқтағаннан кейін Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетітің сырттай оқу бөліміне түсіп, оны табысты аяқтағаннан кейін 1961 жылдан 1985 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан» газеті баспасында еңбектенген. Кейінірек «Жұлдыз» журналында әдеби қызметшіден бөлім басшысына дейін көтеріліп, әдеби насихат бөлімі басшысы болып қызметке отырады.

2000 жылы оның бастамасымен Берлин қаласының бір көшесі Абай атымен аталады. 2012 жылдан Павлодар облысының құрметті азаматы. 2010 жылы Италияда Триест қаласында соғысқа қатысқан 104 ардагерлерге арнап ескерткіш орнатуға тікелей ат салысқан.

«Алаш» халықаралық әдеби премиясының лауреаты .

Исабай Құлмұханның бастамасымен 2012 жылы Баянауыл ауданында «Шон би» ескерткіші орнатылып, ашылған.

30.04.2015