Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.10.2015

Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов ауданның ардагерлері және зейнеткерлерімен кездесті


Қарттар айлығының аясында ауданда орын тепкен " Восточный экспресс " мейрамханасында Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов ауданның ардагерлерімен кездесті. Кездесуге ауданның ардагерлері мен зейнеркерлері қатысты.

Аудан басшысы Серік Құсайынов зейнеткерлерді қаламызда өтіп жатқан қарттар айлығымен құттықтады.

«Сіздерді осынау шапағатқа толы мереке Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын! «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей қарияларымызды аялау, үлкенді құрметтеу біздің санаға сіңген міндетіміз. Елдің ертеңі, ұрпақ келешегі үшін бойдағы бар күш-жігерлеріңізді аямай, қиындықтарға төтеп беріп, қажымай еңбек еттіңіздер. Бұл - Сіздердің бойларыңыздағы Отанға деген құрметтің көрінісі. Әрдайым қариялық ақыл-кеңеспен, ортаға өнеге болып,  жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп қоғамның дамуына зор үлес қосып келесіздер. Сол үшін де Сіздерге деген алғысымыз шексіз», - деп атап өтті аудан басшысы.

Кездесу барысында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория студенттері ардагерлер мен зейнеткерлерге арнап ұлттық және шет ел авторларының концерттік бағдарламасын ұсынды.


30.10.2015