Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.01.2018

Ауданның еңбек сіңірген қайраткерлері


Алмалы ауданы әкімінің аппараты және аудандық ардагерлер кеңесі мен Каркен Ахметов атындағы Республикалық олимпиадалық резервтегі арнаулы балалар мектеп-колледж интернаты әкімшілігімен бірге Елохин Михаил Андреевичті 95 жылдық мерейтойымен құттықтады. Мұндай оқиға әр адамның өміріндегі ең керемет жәйт деп айтуға болады.
Елохин Михаил Андреевич - Алмалы ауданының ұзақ өмір сүрген құрметті тұрғыны. 1923 жылы 26 қаңтарда Самара облысының Понамарев ауданының Понамаревка ауылында дүниеге келген. 



1941 жылы шілде айында Өзбекстанның Шахризябс қаласындағы орта мектепті бітірісімен Қызыл әскерге шақыртылып Түркменияның Чарджоу қаласында орналасқан Орлов жаяу әскери училищесіне жіберілген. 1942 жылдың мамыр айында училищені бітірген соң, Кавказ төңірегіндегі майданға жіберілген. Жеңісті Прибалт маңында қарсы алған. Соғыстан кейін Өскемен, Бұқтырама және Қапшағай суэлектростанцияларының құрылыстарында пропаб міндетін атқарған. Содан кейін Алматы облысының ауылшаруашылық басқармасының жанындағы мал шаруашылығы кешенінің құрал-жабдық бөлімінің бастығы реінде қызмет атқарған.
 


1961 жылдан бастап Алматыда тұрады. Жалғыз өмір сүреді. 15 медальмен және Отан Соғысының екінші дәрежелі орденімен  марапатталған. Бір баланы тәрбиелеп өсірген. Бүгінде екі немересі бар.Елохин Михаил Андреевич - халқына адал қызмет атқарған. Соғысты, сондай ақ, ел жағдайы қиындап кеткен шақтарды көзбен көрген. Сол қиындықтардан шығу жолында еңбек еткен. Бүгінгі жастарға үлгі - өнеге боларлық тұлға. Біз осындай қарияларға құрмет көрсетуге қашанда әзірміз.


30.01.2018