Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.03.2017

Алмалы ауданында балаларға арналған қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылды


Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ»  партиялық жобасы аясында Алмалы ауданы оңалту мен мүгедектерді бейімдеу балалар орталығының, ІІБ есебінде тұрған балаларға, демалыс орталықтарының балаларына, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына арналған мультфильмнің қайырымдылық көрсетілімі өтті.



Балалар "Silk Way Cinema активное 3D" кинотеаррында жаңа «Сәби бастық» атты мульфильмді тамашалады. Жеті жасар Тим жаңа туған інісінен ата-анасын қызғанады. Сәби де осал емес - өспей жатып-ақ көшбасшы қасиеттеріне ие, іскер костюммен жүреді және түрлі бизнес-тірліктермен айналысады. Бірде әлемде махаббат сезімін жоюды мақсат еткен зұлымдар пайда болады. Бұған қарсы тұру Тимнің бір өзінің қолынан келмейді. Сол себепті, ұнатпаса да, інісімен күш біріктіруіне тура келеді.



Игі шара мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасы мен көпбалалы отбасылардың балаларының мәдениет пен өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, эстетикалық мәдениетін дамыту, рухани-адамгершілік  қасиеттерін дамытуды, балалардың көктемгі демалысын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, балалар «Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі» КМҚК Алматы музейіне де барып, қызықты эскурсияны тамашалады. 


30.03.2017