Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.03.2018

Алмалы ауданында көктемгі мереке аясында «Көңілді старт» өтті




Махатма Ганди скверінде  салауатты өмір салтын насихаттау және көктемгі мерекелерді көңілді өткізу мақсатында Алмалы аудандық аргадергер кеңесі мен спорт және денешынықтыру-сауықтыру жұмысы комиссиясының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында «Көңілді старт» спорттық шара өткізді.



Спорттық күн таңертеңгі жаттығумен бастылып, жиналған спортшылар командаға бөлінгеннен кейін көптеген спорттық сайыстарға  қатысты. Денешынықтыру-сауықтыру шарасына қатысушылар жылдамдық, ептілік, ұқыптылықтарымен  жарысып, артынан граната лақтыру,  қашықтыққа секіру, арқанмен секіру, дәлдеп ату сияқты спорттық ойындардан жарысты.





Осылайша сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Адреналин»  атты  №2 команда жеңіп алды, ал екнші орынды  «Аналитик» атты  № 1 команда алса, үшінші орын « Акулы» атты № 4 командаға бұйырды. 



Жарыс қорытындысы бойынша жеңісті орындардан өзге бір қатар номинациялар марапатталды «Қол өнер шебері»- Нина Сладкова, « Бас аспазшы»- Гульжан Ахметова, «Красотка» Бикен Канатова, «Суқұйғыш»- Наталья Балабаева, «алтын қолды шебер»- Татьяна ТОкарева, «Арифметика» Ақмарал Сағымбаева, «Спорттық сұрақтар білгірі»- Роза Дусматова, « Қаз дауысты спортсмен«  Валентика Ахметова, «Граната лақтырудан  үздік спортсмен» Бикеш Канатова, «Ұзындыққа секіруден үздік спортсмен» Наталья Рублевкая.



Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, жақсы  көңіл  күймен қайтты. 


30.03.2018