Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.04.2019

Алмалы ауданының әкімі Торғаев Бекқали көп балалы аналармен кездесті


Алмалы ауданындағы №79 мектеп гимназиясында аудан әкімі Бекқали Нұрғалиұлы Торғаевтың көп балалы аналармен кездесуі өтті. 



Кездесуге: Рымкулова Сандуғаш - ҚБ «Алтынай» Алмалы ауданы көп балалы отбасылар одағының басшысы; Торғаев Талғат - Алмалы  ауданының МКД бастығының орынбасары; Құстұтұнов Сакен – ТЖ бөлімінің бастығы; Агибаева Фарида - Алмалы ауданының бас дәрігері;  Толысбаева Қарлығаш  - Алмалы аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің басшысы; Селеубаев Габит – Жұмыспен қамту орталығының бөлім бастығы, Айжан Қалиева - Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының бас маманы; Жаханов Рустам - білім бөлімінің басшысы; Жақсығұлова Сәуле - «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы департаментінің Алмалы аудандық бөлімінің басшысы; Әлбисенов Ерлан – «Nur Otan», партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Тұрғын үй құрлыс жынақ банкі»өкілдері қатысты.



Кездесуге Алмалы ауданының «Алтынай» көп балалы отбасылар одағы» қоғамдық бірлестігі мен көп балалардың аналары (залдың сыйымдылығына сәйкес) шақырылды. Қазіргі уақытта - 50 баланың анасы.
Алмалы ауданының көпбалалы отбасыларының әлеуметтік мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында:
-аудандық қызмет басшыларын жеке қабылдау ұйымдастырылды;
-көпбалалы отбасылар арасында АӘК тағайындау, қалалық «Бақытты Отбасы» бағдарламасы, жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу (әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, қайта даярлау курстары және жастар тәжірбиесі) және халықты әлеуметтік қорғаудың басқа да іс-шараларын арттыру жұмыстары жүргізілді;
-2019 жылдың мамыр айынан бастап әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған «Бақытты Отбасы», әлеуметтік орталығының ашылды. Орталықта заң консультацияларын, жұмыспен қамту, аналарға арналған компьютерлік сауаттылықты арттыру, балаларды абонемент бойынша спорт клубтарына қатыстыру сияқты т.б. жұмыстары жүргізіледі.



Кездесу барысында көп балалы аналар Әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, білім беру, мектептерде тегін тамақтану, тұрғын үй беру, жәрдемақы мөлшерін арттыру мәселелерін көтерді. Бекқали Нұрғалиұлы көп балалы аналардың мәселелерін тыңдап, әрбір нақты жағдай бойынша көтерілген барлық мәселелерді жеке қарауға тапсырма берді.
Бүгінгі күні Алмалы ауданында 1098 көп балалы отбасы тіркелген, 777 көпбалалы 4 және одан көп балалылар, 94 "Алтын Алқа" иегері, 173 "Күміс Алқа" иегері, 29 адам 1 және 2 дәрежелі "Ана даңқы" құрмет белгісімен марапатталды, 25 адам "батыр ана" құрмет белгісімен марапатталды. 


30.04.2019