Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.04.2019

Алмалы аудандыда 100 орындық жаңа балабақша ашылды


Тастақ-3 ы/а, Розыбакиев көшесі, 29а, мекен жайында орналасқан «Радость Детства» @radosttastak балабақшасының жобалық қуаты 100 орынды құрайды, салынған инвестиция сомасы 120 млн.теңге, жаңа 20 жұмыс орны құрылған.



Аталған балабақша оқытуды орыс тілінде жүргізеді. Балабақшада «Таэквондо», робототехника, ментальды арифметика және мектепке дайындық секциялары бойынша қосымша үйірмелер жұмыс атқаратын болады. Сонымен қатар ата-аналар хореограф қызметін де пайдалана алады.



Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында Алмалы ауданында қосымша мектепке дейінгі орындарды құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі таңда ауданда 8115 баланы қамтыған 26 мемлекеттік, 13 жеке меншік балабақша және 64 жеке шағын орталық жұмыс істейді.

30.04.2019