Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.05.2016

Алматы қаласы Алмалы ауданында «Fiestalonia Almaty-2016» халықаралық байқауы болып өтті


«Fiestalonia Almaty-2016» халықаралық шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті. Алматы қаласы Алмалы ауданында өткен  аталмыш байқау – фестивалдық қозғалыстың еуропалық көшбасшысы Fiestalonia Milenio (Испания) ұйымдастырған өнер бәйгелерінің бірі. Бұл ұйымдастырушының дипломдары мен марапаттарын бүкіл әлемде жетекші халықаралық федерациялар, сондай-ақ, мемлекеттік ресми құрылымдар мойындаған.
Байқаудың әр турында шетелдік қонақтарға Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының өкілдері: аспаптық рындау факультетінің деканы Айжан Бәкенова, фортепиано кафедрасының профессоры Гүлнар Нұрланқызы қосылды. Қазылар алқасының белді мүшелерінің бірі Алматы қ. Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Ләззат Мамедова болып табылды. Салтанатты рәсімге испандық байқау комитетінің президенті Давид Джапаридзе мен Алматы қ. мәдениет басқармасын дамыту бөлімінің жетекшісі Гүлнар Үйсімбаева қатысты. 
 5 мемлекеттен келген 800-ден астам өнерпаздар байқауда бақ сынап, өз өнерлерін өнер сүйер қауымға, сондай-ақ, қазылар алқасына да паш етті. Қазылар алқасы вокал, ұлттық аспаптар, фортепиано, дирижерлеу, ішекті аспаптар, сондай-ақ, хореография мен өнертану саласының білікті мамандарынан құралған. Яғни, олар Сорбонна өкілдері, Жиронский және Барселона консерваториясының өкілдері болып табылады. Хореографиялық бөліктегі қазылардың қатарынан әйгілі фламенко бишісі Даниэль Канделас көрінді.
 Халықаралық қазылар жұмысының қорытындысы бойынша 142 жеке қатысушылар мен шығармашылық ұжымдар байқаудың дипломанттары; 197 ұжым мен жеке орындаушылар 3-ші дәрежелі лауреат; 76 ұжым мен жеке орындаушылар 2-ші дәрежелі лауреат; 35 ұжым мен жеке орындаушылар 1-ші дәрежелі лауреат атанды. Бір айта кетерлігі, қазылар алқасына бірнеше өнерпаздың өнері қатты ұнағаны соншалық, олар Бас жүлде көп болуы керек деп шешті.  
Сонымен, «Fiestalonia Almaty-2016» байқауының бас марапаттарын иеленгендер:
 - ұлттық ұжым, Смирнова Юлия жетекшілік ететін «Праздник» халық аспаптар оркестрі; Екатеринбург, Ресей
- пианист Аймақова Малика, жетекшісі Нұрланова Гүлнар, Алматы, Қазақстан;
- домбырашылар дуэті Юлия Смирнова мен Надежда Соенкова («кәсіби орындаушы» санатында), Екатеринбург, Ресей
-  опера әншісі Руслан Бут («кәсіби орындаушы» санатында), «Академиялық вокал» аталымы, Алматы, Қазақстан;
- Екатерина Гамидованың креативті би мектебі, «Балалар хореографиясы»  аталымы, Алматы, Қазақстан. Екатерина Гамидова сондай-ақ, «Байқаудың үздік хореографы» марапатына лайық деп танылды. 
 Барлық қатысушылар халықаралық дипломдар, халықаралық үлгідегі сертификаттарды иеленіп, сондай-ақ, ұйымдастырылған шеберлі сағаттарына қатысып, әлемдік деңгейдегі мамандардан баға жетпес тәжірибеге қол жеткізді. 1-ші орын иегерлеріне сонымен қатар, Испанияның ресми құрылымдарынан  дипломдар берілді. Ал Бас жүлде иегерлеріне «Fiestalonia» 3D-голограммалы логотипі бар  Fiestalonia Almaty бірегеу хрусталь кубоктары ұсынылды.  Ұйымдастырушылардың мөрінен бөлек, әр диплом CID UNESCO және Алматы қ. әкімдігінің мөрімен расталған. 10-нан  астам өнерпаз Еуропалық халықаралық байқауларға тегін қатысу құқығын иеленгенінен айта кеткеніміз жөн.  


30.05.2016