Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.05.2018

«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті


«Нұр Отан» партиясы Алмалы  аудандық филиалының конференц залында партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті. Отырыстың күн тәртібінде: Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша Әділет басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайы; Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайы; Алмалы ауданының мектепке дейінгі және жалпыға ортақ білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайы сұрақтары қарастырылды.



Отырыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестөрағасы,  Алмалы ауданы әкімінің жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша үйлестірушісі Құсман Шалабаев, Алматы қаласы,Алмалы ауданы бойынша  Әділет басқармасының басшысы Кемаль Құсайынов, Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Талғат Байсын, Алмалы аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Бейбітгүл Тажиева, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Қоғамдық кеңес отырысының барысында Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша  Әділет басқармасы және Мемлекеттік кірістер басқармасының есептері тыңдалынды.


30.05.2018