Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.05.2019

Алмалы ауданында «Күміс Алқа» төсбелгілері табысталды


Алмалы ауданы әкімінің орынбасары  Бекжанова Айнұр Серікқызы  Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылдың 4 мамырдағы  № 37 Жарлығы бойынша Байтемирова Кунсулу Байдырахманқызын, Қаржаубаева Айнұр Рысбекқызын «Күміс алқа» төсбелгілерімен наградтады. 



Айнұр Серікқызы өз құттықтауында Тәуелсіз Қазақстанның лайықты азаматтарын тәрбиелеуде күшті және бақытты отбасының маңыздылығын атап өтті. 
«Мен сіздерге қоғамды нығайтуға, ұлттың жалғасуы мен балаларды тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін, сондай-ақ өзара сыйластық, өзара түсіністік, өркендеу мен гүлдену тілеймін!» - деп жылы лебіз сөздерімен құттықтады.



Қазіргі уақытта Алмалы ауданында 766 көпбалалы отбасы, 93 «Алтын алқа» иегерлері, 171 «Күміс алқа» иегерлері, 29 адам 1 және 2 дәрежелі «Ата-ана даңқы» құрметті белгісімен наградталғандар, 26 «Ардақты ана» құрметті белгісімен наградталғандар.


30.05.2019