Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.07.2018

Алмалы ауданында халықты жұмыспен қамту мәселесі бойынша кездесу өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон – «Адал Жол» науқаны аясында халықты жұмыспен қамту мәселесі  бойынша кездесу өтті. 



Аталған кездесу барысында Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары аудандық балабақша, білім, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері және кәсіпкерлерге жұмысқа орналастырудың бағыттары жөнінде ақпараттық кеңес жүргізіп, олардың сұрақтарына жауап берді.



Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы нұсқаулықтар мен хабарландырулар таратылып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



Кездесудің басты мақсаты жұмыссыз халықты еңбекпен қамту, қажетті мәліметтермен барынша ақпараттандыру және әр азаматтың өз өміріне деген жауапкершілігін арттыру болып табылады.




30.07.2018