Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.08.2017

Алмалы ауданында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт аталып өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен  «Мега парк» ойын сауық орталығында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл айтулы күн біздің тәуелсіз мемлекетіміз үшін де, әрбір азамат үшін де ерекше маңызға ие. Себебі Ата заң – мемлекеттің аса маңызды нышаны, абырой мен ар-намыстың тұмары. Негізгі заңды құрметтеу мен орындау – өз еліңді құрмет тұту және Қазақстан Республикасы азаматы деген ардақты атты абыроймен алып жүру деген сөз.



Егемен еліміздің Конституциясын қадірлеу, құрметтеу, мақтан тұту, тәуелсіздігіміздің баянды болуына қадам басу - іс-шараның негізгі мақсаты болды.  



Мереке аудан әкімі Жасұлан Естеновтың құттықтау сөзімен бастау алды. Аталмыш іс-шара патриоттық негізде, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткерлерінің, эстрада жұлдыздарының, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама күйінде өтті.



Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Оңтүстік» Ұлттық ұланы өңірлік қолбасшылығының атынан «Генерал» тобының орындауында аспаптық-вокалдық музыкалық орындаулар көрермендер назарына ұсынылды.



Одан басқа аталған мерекелік шара аясында барлық мекемелерде салтанатты жиын, мемлекеттік қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі, 16 жасқа толған азаматтарға ең алғашқы құжат – жеке куәлік табыстау және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға материалды көмек көрсету шаралары өткізілді.


30.08.2017