Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.09.2016

Алмалы ауданындағы ұстаздар күні мерекесі


Ұстаздар күніне орай Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы Естенов «Алазани» мейрамханасында салтанатты қабылдау өткізді. Мерекелік шарада аудан аумағындағы орта оқу орындарының бірінші басшылары мен ұстаздар мейман болып, жылы лебіздерге ие болды.   
Іс-шара жыл бойы білім саласында қызмет атқарып жүрген азаматтарды құттықтау, ұстаз еңбегін бағалау және алғыс білдіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.  



Мереке концерттік бағдарламамен бастау алды. Өз кезегінде Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов жиылған қонақтарды кәсіби мейрамдарымен құттықтап, шәкірт тәрбиелеу жолындағы атқарған қажырлы еңбектерін атап айтты.



Сонымен қатар, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Байбулов жылы лебіздерімен бөлісіп, мектеп басшыларына алғысын білдірді. 



Алмалы ауданы білім беру саласында ҰБТ-дан жоғары көрсеткіштерге ие.  Және қалалық пен республикалық байқауларда да алдыңғы орындарда екендігін айта кеткен жөн.   
Салтанатты қабылдау іс-шарасы Т. Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жұлдыздарының орындауындағы әндермен жалғасып, қызықты отырыспен ұласты.
  
 

Білімнің күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Білім мен ғылым арқылы өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Білім арқылы адам баласы өмірдегі өз орнын табады. 



Ұстаз - келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні - мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.  «Ұлттың ұлағаты - мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты - оқу мен әдебиетте», - деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. 


30.09.2016