Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.11.2017

Алмалы ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған мерекелік іс-шара өтті


Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер акдемиясының акт залында Тұңғыш Президент күніне орай, әдеби – музыкалық кеш өтті.



Мерекенің дәл осы киелі шаңырақта өтуі жай емес, себебі келесі жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ  ұлттық өнер академиясы өзінің 40-жылдық мерей тойын атап өтпек.
Іс-шара өтердің алдында Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов академия студенттерінің және түлектерінің дайындаған шығармашылық көрмесін аралап, фойеде арнайы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған кітап көрмесін көріп шықты.
  


Мерекелік кешті өз алғы сөздерімен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер акдемиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова  және Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов құттықтап, мерекелік кешті ашты. Жасұлан Естеновтің құттықтау сөзінде ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың орасан зор еңбегінің арқасында Қазақстан  Республикасы бүгінгі күнде әлемдік саяси аренада өз орнын тапқан ел екенін айта кетті.



Сонымен қатар  іс-шарада Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының атынаналғашқы рет салынып отырған жаңа қала  тарихы бойынша штрихтаудан жас суретші студент   Жалғас Тлеуғабылдың салған Панфилов көшесі бейнеленген картинасы да ұсынылды. 



Аталмыш мерекелік іс-шараның бірінші бөлімін Тұңғыш Президенттің фильмімен «Кино және телевидение» факультеті аяқтады.Сонымен қатар  академияның ең үздік студенттері мен дарындыларынан құралған топтары концерттік бағдарламаларын көрсетті.








30.11.2017