Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.12.2016

«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өткізілді


Күн тәртібінде: «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының 2016 жылғы жұмысын қорытындылау және алдағы міндеттер туралы; Алматы қаласы Маслихатының депутаттары Р.А. Алшанов пен А.Э. Котеневтың 2016 жылда жасаған жұмыстары бойынша есебін тыңдау; Алмалы аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінің азаматтарды қабылдауының 2017 жылға кестесін бекіту; Жаңа бастауыш партия ұйымдарын құру және жұмысын жандандыру туралы мәселелер қаралды: 



Отырыс барысында Алмалы аудандық партия филиалының төрағасы Ж.Естенов 2016 жылда жеткен жетістіктер жайында баяндап, жыл қорытындысы бойынша  Алматы қаласы аудандық филиалдарының арасында 2 орын алғанын жеткізді және осы жетістікке жету үшін аянбай еңбек еткен партиялықтарға алғысын білдірді. 2016 жылы Алмалы аудандық филиалында жаңа 17 бастауыш партия ұйымдары ашылды, 2723 жаңа партия мүшелерін қабылдады, қаңтар айынан желтоқсан айына дейін «Нұр Отан» партиясының Алмалы аудандық филиалы Қоғамдық қабылдауына 240 өтініш түсіп, оның 70% оң шешімін тапты. 



Алмалы аудандық филиалы алдағы уақытта да партияның негізгі жұмыс бағыты «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, партияның «Қазақстан – 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды тұғырнамасын және партияның басқа да бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру үшін тынбай еңбек ететін болады.


30.12.2016