Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.01.2017

Алматыда Универсиада 2017 алғашқы жеңімпаздары марапатталды


«Medal Plaza» марапат сахнасында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың жеңімпаздары марапатталды. Таушаңғысы, шаңғымен жүгіру,сноуборд пен фристайлда медальдардың 8 комплектісі сарапқа салынды.



Естеріңізге сала кетсек сноубордистер паралельді слалом гигантта Богдан Богданов пен Владислав Шкурихин «алтын» мен «күмісті» ұтып алды.Үшінші орын украйналық Александр Белинскиге бұйырды.   
- Трасса жақсы,қарсыластарымыз мықты болды-деді Универсиада-2017 жеңімпазы Богдан Богданов - Мен жақсы нәтиже көрсетіп алтын алдым. Ертең тағы бір дисциплинада сайысқа шығамын. Ол жерде де жүлделі үштікке енетін шығармын.
Әйелдер арасындағы жарыста Польшалық Александра Кроль,оның отандасы Каролина Штокфиц үшінші орын,ал екінші орын украйналық Аннамария Данчаның еншісінде.
- Мен жақсы нәтижемен бірінші медальді Алматы Универсиадасында алғаныма қуаныштымын.- Аннмария Данча - Бүгінгі трасса өте керемет болды,жарысты ұйымдастырудың  жоғары денгейі көрініп тұр. Спортшыларға барлық жағдай жасалып жатыр.



Республика сарайының алдында протоколдан бөлек «Түп тамырымыздан» келешекке дейін атты мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Универсиада 2017 аяқталғанша әрбір күні ерекше тақырыптарға арналған бағдарламада,Қазақстанның шығармашылық және спорттық потенциалы паш етіледі.Бірінші күннің бағдарламасы  «Ұлы Жол» деп аталды.  «Рензо» тобы кештің хэдлайнерлігін жүргізді.



Алаң бірнеше бөлікке бөлінген: «жылы» алаңқайда   Wi-fi мен балаларға арналған мастер-кластар,кино-бұрышы,Үлкен шатырдың астында «Красноярск-Универсиада»-2019, Flappy Сұңқар, Қазақстанның танымал спортшыларын марапаттайтын аймақтар орналасқан.


31.01.2017