Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.01.2018

Сандық Қазақстан


«Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының ұйымдастыруымен, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасымыздың жолдауын түсіндіру мен насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Сандық Қазақстан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру сапасын арттыру болып табылады.



Дөңгелек үстелге академия оқытушы-профессорлық құрамы және арнайы шақыртылған академия профессорлары: э.ғ.д. Н. Балқияұлы және ф.ғ.д.  С.Қ. Мырзалы қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы, «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Д. Ескендірова еліміздің экономикасына сандық технологияның тигізер әсерінің маңыздылығын атап өтті. 



Сөз сөйлеушілер, қазіргі әлемдегі сандық технологиялардың ел экономикасына тигізер әсерінің жоғары екендігін айта отырып, сандық технологиялар арқылы қарапайым халық көптеген артықшылықтарға ие болғанын жеткізді. Атап айтсақ, халық пен бизнестің мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін жеңілдету, ақпарат алмасуды жеделдету, жаңа бизнес мүмкіндіктерінің пайда болуы, жаңа цифрлы өнімдерді құру, электронды үкімет және т.б.


31.01.2018