Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.03.2017

Көктемгі демалыс кезінде Алмалы ауданында мультипликациялық фильмнің қайырымдылық көрсетілімі ұйымдастырылды


Ультразаманауи «Chaplin MEGA Park» кинотеатрында Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ»  партиялық жобасы аясында Алмалы ауданы оңалту мен мүгедектерді бейімдеу балалар орталығының, ІІБ есебінде тұрған балаларға, демалыс орталықтарының балаларына, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына арналған мультфильмнің қайырымдылық көрсетілімі өтті.



Көрсетілім басталар алдында Алмалы ауданы «Арман» аула клубының директоры Таксиди Магдалина Савична балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы дәріс оқыды. Кинотеатр залында ересектердің балалармен оқыс оқиғалар кезінде бей-жай қалмауы, өзі мен достарын қорғау, сақтық шаралары туралы тікелей диалог орын алды. Балалар өздері сұрақ қойып, берілген тапсырмаларға жауап берді, дәріс шеңберінде оқыс оқиғалар кезінде көмекке шақыратын: 101 – өрт сөндіру қызметі, 102 – полиция,  103 – жедел жәрдем, 104 – газ, 112 – құтқару қызметі сынды телефон нөмірлеріне қатысты білімдері тексерілді. 



Сонымен қатар, бүлдіршіндер кинотеатра өзін-өзі ұстау  этикасымен, оның ішінде: Кинотеатрға кешікпей келудің маңыздылығы,  ұялы телефонды сөндіру, шуламау, қатты дауыспен сөйлемеу, қоқысты тастамау, фильм кезінде залда көп жүре бермеу т.б. жөнінде тәжірибе алмасып, керекті ақпарат алды.  
 


Жоғарыдағы қағидалардан хабардар болған соң, барлық балақайлар мультфильмді тамашалауға кірісті. Игі шара мектептегі демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, мәдениет пен өнерге деген сүйіспеншілікті ояту, эстетикалық мәдениетті дамыту мақсатында және көктемгі демалыс кезінде ұйымдастырылып отыр. Балалар – еліміздің ертеңі десек, олардың мәдениетті де парасатты тұлға болып қалыптасуы жолында аталмыш іс-шараладың маңыздылығының ерекше мәнге ие екендігін де атап айтқан жөн.


31.03.2017