Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.03.2017

Алмалы аудандық АХАТ бөлімінде неке қиюды тіркеу рәсімі ұйымдастырылды


Әрбір адамның өмірінде ұмытылмайтын, мәңгілік есте қалатын ерекше күндері болады. Сол күндердің бірі неке қиюды мемлекеттік тіркеу күні болып табылады.



Неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, ҚР-ның заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі бойынша жасалған ері пен зайыбының арасындағы тең құқықтық одақ. 2016 жылы (АХАТ) ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жас жұбайлардың өтініш берулеріне және оларды тіркеуге жақсы жағдай жасалынды. Некені (ерлі-зайыптылық) тіркеу жастардың қалауы бойынша салтанат залында жүргізіледі. Біздің елімізде
100-ден аса ұлт өкілдері бейбіт және тату-тәтті өмір сүруде, соған дәлел ұлтаралық неке болып табылады.



Көктем мерекесі Наурыз қарсаңында төменде көрсетілген азаматтардың некелері салтанатты түрде тіркелді: Жанысбаев Ерлан Санатович және Ильясова Гульнара Алтайбековна;  Рахимов Евгений Валерьевич және Майфат Ксения Викторовна; Ким Вячеслав Тимофеевич және Шанина Светлана Владимировна; Макул Марлен Есенгалиевич және Скрипак Светлана Евгеньевна; Борисов Сергей Алексеевич және Хакимова Фируза Отабековна.



Біздің АХАТ бөлімінде некесін қидырғылары келетін барлық азаматтарды әрқашанда көруге қуаныштымыз.


31.03.2017