Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.07.2019

«Protecting business and investments» кәсіпкерлерді қорғау жобасы


Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының Акт залында аудан әкімінің орынбасары Е. Хайруллин,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Т.Башев, Алмалы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасры Т. Тургаевтың және Алматы қаласының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің қатысуымен ауданның инвесторлары және кәсіпкерлерімен кездесу өтті. 



Кәсіпкерлер мен инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларының бірі «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENT»  жобасы, оның мақсаты қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру.





Жоба шеңберінде кәсіпкерлерді және инвесторды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері толық сүйемелдейді. Сүйемелдеу құқықтық кеңестерді, мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз етуді, НҚА жетілдіруді қамтиды. Негізгі бағыттар - кәсіпкерлерді Құқықтық қорғау, бизнес үдерістерді оңтайландыру, реттеушілік ықпал ету, қоғамдық бақылау және инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру.



Аудан аумағында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тап болған кезде инвесторлар мен кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бірінғай сенім телефонына немесе алматы қаласы бойынша департаментіне тікелей барып өтініш беруге немесе хабарласуға болады.


31.07.2019