Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.10.2016

«ART-убежище BUNKER» тәуелсіз эксперименталдық театрдың тұсаукесері


«ART-убежище BUNKER» тәуелсіз эксперименттік театры Уильям Гибсонның «Таңғажайып» пьесасын ұсынады. Пьесаға негіз ретінде америкалық ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Элен Келлердің шынайы оқиғасы алынған.  Аяқ астынан көзі көрмей, қараңғы әлемде қалған адам нені бастан кешіреді?  Үрей, қорқыныш, сұмдық. Сабасына түсіп, ішкі түйсігін тыңдап үйренгенше не істерін білмей, дал болады... Егер ол есту қабілетінен де айрылса ше?



Америка Құрама Штаттары, 19-шы ғасырдың соңы. Отставкадағы капитан Келлердің отбасында керемет қыз Элен дүниеге келеді. Бір жарым жасқа толғанда тәнін жалмаған дерт оны есту және көру қабілетінен айырып, отбасының дегбірі қашады. Алты жыл бойы ата-анасы қоршаған орта тек саусағының ұшында ғана қалған соқыр-керең-мылқау қыздарының жабайы мінезін тоқтату үшін баламен өзара тіл табысуға деген үміттерін сөндіріп алды. Оны алда балалар үйі, тор күтіп тұрса қайтпек? Бірақ ана жүрегі қызының бойындағы адамгершілікті ояту үшін соңғы әрекет жасауға бел байлайды. Эленнің тәрбиешісі ретінде Анна Саливан деген әйелді таңдайды. Ол да біраз уақыт бұрын көзі көрмейтін жандардың қатарынан болғандығы анықталды. Оның бір нәрсеге қол жеткізуге қауқары бар ма? Адам сенгісіз таңғажайып орын ала ма?  Қойылым көрерменге таңғажайыптың орындалуына әрқайсысының өз үлесі бар екендігін сезінетіндей ең жоғары және адамгершілік сезімді оятады.  


31.10.2016