Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.10.2017

Алмалы ауданында универсалдық спорт алаңының ашылу салтанаты өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының, Алмалы аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының және «Эталон» ЖШС-нің мұрындық болуымен Абай көшесі, 141 мекен жайында орналасқан тұрғын үйдің ішкі ауласында универсалды спорттық алаңның ашылуы өтті.



Алмалы ауданы тұрғындардың бастамасымен жасалған әуесқой хоккей алаңына жаңадан асфальт төселініп,  алаңның жарықтандырылуы мен көрермендерге арналған орындықтар орнатылды.



Аталмыш тұрғын үй алаңында балаларға қажетті барлық жағдай жасалып, салауатты өмір салтын белсенді ұстануға бағытталған спорттық кеңістік туындатуда. Салтанатты ашылу барысында «Space Team» әуесқой хоккей командасының арнайы дайындалған жаттығуы, жаңадан көріктендірілген аулаға экскурсия, танымал спортшылардың қатысуымен мастер-класстар ұйымдастырылды. Іс-шараның қонақтары интерактивті фотозоналармен танысып, түрлі спорт түрлерінен күштерін сынады. Ал жас балақайлар Қазақстан Республикасының әйелдер футболынан көпмәртелі чемпионы Марина Волковамен доп ойнасты. 



Бұдан әрі, жаңадан көріктендірілген спорттық алаңда әуесқой хоккейден Алмалы ауданының балаларына спорттықүйірме өткізілетін болады.


31.10.2017