Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

90-летие писателя и сатирика Ш.Смаханулы 24.11.2014

Шона Смаханұлының 90 жылдығы


Ш.Смаханұлы атындағы № 62 гимназиясында белгілі сатирик, қоғам қайраткері Шона Смаханұлының 90 жылдығы, ал өзі ашылуына мұрындық болған білім ордасы - № 62 гимназияға 30 жыл толуына орай мерекелік іс-шараның өтетіндігін хабарлайды.

Іс-шара 2 бөлімнен тұрды. І бөлімде - салтанатты марапаттау, ІІ бөлімде - гимназия ұстаздарының қатысумен концерттік бағдарлама өтті.

Қазақ зиялыларының арқасында Алматыда үшінші болып № 62 қазақ орта мектебі ашылды. Мектептің ірі қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің сатиригі Шона Смаханұлының есімімен аталуы - жазушының осы білім ордасының ашылуына сіңірген еңбегіне берілген үлкен құрмет.

Аталған іс-шараға Г.И.Есімбаева - мәжіліс депутаты, Р.С.Шимашева - қалалық білім басқармасының басшысы, А.С.Бекжанова Алмалы ауданының әкімі орынбасары, Ғ.Жайлыбай - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Шона Смаханұлының туыстары, әріптестері және қала мектеп директорлары қатысты.

«Ақынның аты берілген білім ордасы бүгінгі күні ауданымыздағы мектептерге үлгі боларлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Атап айтқанда, гимназия мұғалімдері мен оқушылары «Үздік жыл мектебі-2004, 2012» «Жыл мұғалімі - 2005, 2011, 2013», халықаралық ғылыми жобалардың республикалық, қалалық пән олимпиадаларының, республикалық оқулар мен байқауларың және түрлі спорттық сайыстардың жеңімпаздары атанып келеді. Сондай-ақ, 2013-2014 оқу жылдарының қорытындысы бойынша ауданымыздағы қазақ орта білім мекемелері арасында үздік көрсеткішке қол жеткізді. Әрине, бұл мақтанарлық жәй» - деп атап өтті өз сөзінде аудан әкімі орынбасары Айнұр Бекжанова.

24.11.2014