Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Академия туризма имени Ш.Уалиханова 02.12.2014

Ш.Уалиханов атындағы Туризм Академиясы ашылды


Алмалы ауданында Қазақ спорт және туризм академиясында Шоқан Уәлиханов атындағы Туризм академиясының ашылу салтанатты рәсімі болып өтті.

Бұл Академияда Қазақтың спорт және туризм Академиясының туризм факультетінің оқытушылары туризм саласының 15 бағыты бойынша дәрістер жүргізеді.

Академияның ашылу салтанатынан кейін, ҚазСТА туризм факультетінің студенттері жартасқа өрмелеу, туристік көпсайыс және іздестіру-құтқару салалары бойынша өз өнерлерін паш етті.

Сондай-ақ Туризм академиясының ашылу рәісімі барысында туристік саймандар көрмесін өтізілді.

Қазақтың спорт және туризм академиясы туризм факультетінің деканы Татьяна Иманғұлова өз сөзінде аталмыш жоғары оқу орнының ашылуы Қазақстанда туризм саласының дамуына оң ықпал ететіндігін жеткізді.  

«Бұл Академия жастарға туризм саласын терең зерттеп, үйренуге мүмкіндік береді. Соның арқасында болашақта елімізде туризм мен өлкетану саласында жоғары білікті мамандар пайда болады» - деді Т. Иманғұлова.

Салтанатты рәсімге құрметті қонақ ретінде Қазақстанның Альпинизм және жартасқа өрмелеу федерациясының президенті Қазбек Уәлиев, байкер, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Дмитрий Петрухин, «Алтын адамды» тапқан археолог Бекен Нұрмұханбаетов, Қазақстанның туристік қауымдастығының президенті Рашида Шайкенова, «Шоқан Уәлихановтың керуендік жолымен» атты Халықаралық экспедицияның жетекшісі Мәулен Есімханов және басқа да белгілі тұлғалар қатысты.

02.12.2014