Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.02.2015

Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов Ұлы Отан соғысының ардагері Жихарев Анисим Андреевичті мерейлі 100 жасқа толуымен құттықтады


Бұл іс-шара «Қазақстан Республикасында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері жылы деп 2015 жылды жариялау туралы» ҚР Президентінің Жарлығын, «Қазақстан Республикасында 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің қаулысын іске асыру мақсатында өтті.

Жихарев Анисим Андреевич РФ Смоленск облысында1915 жылы 15 ақпанда туған. 1930 жылы мектеп бітіріп Самарқанд қаласына көшіп қоныс аударады. Жұмыспен қатар Гидротехникумда оқиды.

1934 жылы Омск қаласындағы Сібір Ауылшаруашылық академиясының гидротехникалық факультетіне оқуға түседі. Оқу кезінде жоғары әскери дайындықтан өтіп, лейтенант атағын алады. 1939 жылы Омск қаласындағы оқуын бітірген соң, Алматы қаласына ҚР Су шаруашылығы министрлігіне жұмысқа жіберіледі.

Бір жарым жыл өткен соң 1941 жылдың маусымында Ұлы Отан соғысы басталып, 1941 жылдың 26 маусымында әскерге шақырылып, Солтүстік Кавказға аттанады. Жаулаушыларды Грозный мен Баку қалаларының мұнай кен орындарына жібермеу басты мақсат болды. Әскердің инжинерлік қызметінің басшысы қызметінде жұмыс атқарған.

1945 жылдың сәуірінде Берлин қаласындағы қанды шайқаста ауыр жарақаттанды.

1948 жылдың тамызынан ҚР Су шаруашылығы министрлігіне қызмет етті. 1954 жылдан бастап тың игеру жұмыстарына қатысқан. 1977 жылдың қарашасынан зейнеткерлікке рәсімделіп, алайда 1993 жылға дейін қызмет істеді. Ардагерлер қозғалысына қатысып, құрмет қағазымен марапатталған.

11.02.2015