Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.04.2015

Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов Ұлы Отан соғысы ардагерлері Мұзафар Әлімбаев және Екатерина Баранованы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтады


Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайынов Ұлы Отан соғысы ардагері Мұзафар Әлімбаев және Екатерина Баранованы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, Елбасымен бекітілген Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған біріңғай медальдар табыстады.

Қазақ ақыны, балалар жазушысы, аудармашы, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев - 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Маралды қазіргі, Шербақты ауданында туылған.

Соғыс басталғанда он сегізге толар-толмаста болған Мұзафар Әлімбаевтың педучилищені енді бітірген кезі еді. Соғыс комиссарына арыз берді, бірақ оларды маңайына жолатпады. Сөйтсе, үкімет арнайы ұлттық құрамалар даярлап жатыр екен, сол үшін оларды сәл күттіріпті. Әйтеуір 1941 жылдың желтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан  Семейге, Семейден Талғарға келіп, бір ай саяси жауынгерлер бригадасының 120 мм миномет дивизионына барды. Үш жарым айдай қатардағы жауынгер, сосын саяси жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. (замполитрук) Калинин майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашасынан ұрысқа кірісіпті, 1943-тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саяси қызметкерлер институтын жойып, жауынгер командир етіп даярланып, танк батареясының командирі болды. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жерінде әскери қызметке алып қалып, одан елге … 1948 жылы оралады. Майданда туған көп ақынның бірі - Мұзафар Әлімбаевтың «Батырға» деген бірінші өлеңі 1944 жылы 17 сәуірде Балтық майданының «Жауға қарсы аттан» газетінде жарияланған.

Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған.

Баранова Екатерина Александровна - 1925 жылы 29 маусымда Курск облысы Новиков ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына 1943 жылдан 1-ші Украина майданында Эвакогоспитальда әскери қызмет жасаған. Чехословакия, Польша және Германия соғысының жартысын жүріп өткен.

1945 жылы соғыс аяқталғанан кейін шекарашылар госпитальінде медбике болып жұмыс жасап, 1960 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін ҚазССР Совмин ауруханасында жұмыс жасаған.


10.04.2015