Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2015

Алматы әкімі Ахметжан Есімов Алмалы ауданында орналасқан №90 арнайы мектеп-лицейдің салтанатты жиынына қатысты


Бұл оқу орнының оқушылары ҰБТ-дің қорытындысы бойынша қалада он жыл қатарынан бірінші орында келеді.

Қала басшысы оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтап, ел болашағы жастардың қолында екендігін айтты.

«Бүгін мектеп бітіретін түлектер үшін ерекше күн. Мемлекет басшысы айтып өткендей, жастар үшін барлық жағдайлар жасалуда әрі оларға қашанда жол ашық. Сендердің әрқайсыларың үшін бүгінгі күн жаңа өмірдің бастауы болмақ. Мен сендердің ата-аналар мен ұстаздардың үмітін ақтайтындарыңа сенімдімін. Сендерге дұрыс таңдау мен табыстың даңғыл жолын тілеймін», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы Алматыда сапалы әрі қазіргі заманғы терең білім алу үшін барлық жағдайлардың жасалып жатқандығын, білім саласындағы ауқымды бағдарламалардың ойдағыдай орындалғандығын жеткізді. Мысалы, биыл білім саласын дамытуға бюджеттен 54,4 млрд. теңге бөлінді, салынған құрылыс нысандарының саны рекордтық көрсеткішке жетті,16 бала бақша бой көтерді, жыл аяғына дейін тағы 2 пайдалануға берілмек.

Ахметжан Есімов мектеп түлектеріне ҰБТ ойдағыдай тапсыруды, биыл да жоғары көрсеткішке жетуді тіледі. Естеріңізге сала кетейік, Алматы үш жыл қатарынан ҰБТ қорытындысы бойынша елімізде алдыңғы орында. Мегаполис оқушылары түрлі пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиаларда жүлделі орындардан көрінуде.

Биыл Алматы мектептерінің 6221 түлегі ҰБТ тапсырады, бұл мектеп бітіретін 7905 оқушының 80%. Ұлттық бірыңғай тестілеу мегаполисте 2-6 маусым аралығында өтеді.

25.05.2015