Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.04.2017

Алмалы ауданы «Бірінші болу батылдық!» Алматы VI қайырымдылық марафонына белсене қатысты


Алмалы ауданының спортсүйер қауымның «Бірінші болу батылдық!» Алматы қайырымдылық марафонына қатысуы дәстүрге айналған.



Осы жылы қайырымдылық шарасы Қазақстанның түкпір-түкпірінен, жақын және алыс шетелдерден 15 мың қатысушыны жинады, жүгіруге белгілі спортшылар, мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер, кәсіпқойлар, мүмкіндігі шектеулі жандар, сонлай-ақ, спортсүйер қауым мен  барлық ниеттенген алматылықтар мен мегаполис қонақтары қатысты.
Қатысушылар жүгірудің бірнеше түрін: марафон – 42 шақырым, жартылай марафон – 21 шақырым және 10 шақырымға жұптасып жүгіруге, сондай-ақ, 42 шақырым 195 метр «Экиден» командалық эстафетасы мен скандинавиялық жүрістің біреуін таңдады. 10-нан 14 жасқа дейінгі қатысушылар үш шақырымға балалар қашықтығын жүгіріп өтті. Жаппай жүгіру мәресі Орталық стадионда аяқталып, дәстүр бойынша жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар мен құнды жүлделер табысталды. 


«Алматы Марафон» – Халықаралық марафон мен жүгірулер қауымдастығының (АІMS) мүшесі, қатысудан жиналған қаражат қайырымдылық мақсатқа жіберілетін санаулы халықаралық марафондардың қатарына кіреді. Жыл сайын жиналған қаражатқа (негізінен тіркелу жарнасынан) церебралды салдану, онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға көмек көрсетуге, акваторин, стадион мен ерекше қажеттілікті талап ететін балалар мен мүгедектердің орталығы мен мектептеріне оңалту жабдықтарын сатып алуға жіберіледі. 
Жобаны үнемі қолдап, марафонның қарайымдылық мақсатына қаражаттарды аударып, мысалы, тірек-қозғалыс жүйесін қалпына келтіру үшін мүгедек балалардың ата-аналарының Қауымдастығына («МБАҚ») берілетін  аппараттарды сатып алатын адамдар да молшылық. 


24.04.2017