Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

22.04.2016

"Нео-фольклор" киімдер дизайнерлерінің және қазақ ұлттық көне, заманауи асханасына арналған аудандық байқаулары Алматы сән және дизайн колледжында ұйымдастырылып, өткізілді


Алматы сән және дизайн колледжінің залында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы   Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының бастамасымен қазақтың ұлттық мәдени құндылықтарын жандандыру, қазақ ұлттық киімдеріндегі элементтерді құру арқылы дарынды шеберлерді, жаңа ұжымдарды және авторлық орталықтарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Нео-фольклор» киімдер дизайнерлері байқауының  Алмалы аудандық турнирі ұйымдастырылды.
«Нео-фольклор» киімдер дизайнерлері байқауының  қорытындысы бойынша 1-ші орынды Жансерікова Айгүл, 2-ші орынды Түскен Ғалия Жеңісқызы мен Садыканова Аяулым, 3 –ші орынды   Есенбаев Рафаэль Оразбекұлы, Оксана Рудниченко иеленді. Ал, қазақ ұлттық асханасының аспазшылары арасындағы байқауда: 1-ші орынды Алматы сән және дизайн колледжі, 2-ші орынды Алматы туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжі, 3-ші орынды Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенттері иеленді. 
Байқаулардың жеңімпаздары Алмалы ауданы әкімі Жасұлан Естеновтың атынан грамоталар мен есте қаларлық сыйлықтарға ие болды. 
Байқаулардың қазылар алқасы атақты дизайнер, суретші,  «Сымбат» сән академиясының арт-директоры Балнұр Асанова, «Әдемі-Ай» өнер мұражайының директоры Бахаргүл Төлегенқызы, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары   Айнұр Бекжанова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер  істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық  комиссиясының мүшелері Хайруллина Асия Үкейқызы мен Байсақалова Нұржамал Тегінбаева, ауданның атақты мейрамханаларының бас-аспазшыларының бірі Али Исаев сияқты тұлғалардан тұрды.
Іс-шара барысында келген қонақтар мен қатысушыларға Алматы сән және дизайн колледжінің дарынды жастары өнерін көрсетіп, әйгілі күйші, композитор Шәміл Әбілтай «Қазақстан –Нұрсұлтан» атты күйімен тамсандырды. 
Конкурстың мәні "Көктем-Жаз-2016" әлемдік сән маусымының үрдістеріне сай қазақ ұлттық киімінің дәстүрлері мен өнерінің синтезі нәтижесінде құрылған, «нео-фольклор» стиліндегі модель (бейне) немесе топтама болып табылады: киім; бас киімдер; аяқ киім; аксессуарлар.
Сонымен қатар, Алматы сән және дизайн колледжінде қазақ ұлттық асханасындағы ұмытылған тағамдарды жаңғыртуға арналған байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Қазақ ұлттық асханасының көпғасырлық дәстүрін сақтап қалу және танымал ету. Ұмытылған ұлттық тағамдарды жандандыру және жаңа тағам түрлерін жарату.
Байқаудың міндеттері: қазақ ұлттық асханасына деген қызығушылықты арттыру; қазақ ұлттық асханасындағы ұмытылған тағамдарды жаңғырту және дәстүріне, үйіне, туған жеріне, отанына деген махаббатын арттыру; қазақ ұлттық асханасының тағамдарын мейрамхана кәсібі және қоғамдық тамақтану саласына тарату; қазақ ұлттық тағамдарын дайындау барысында пайдаланылатын экологиялық таза өнімдерді сатып алу арқылы фермерлер,шаруа қожалықтары мен диқандарға қолдау көрсету.
Байқауды өткізудің реті мен шарттары: Байқаудың нысаны ұмытылған қазақ тағамдары мен өнімдерін дайындау және ұсыну болып табылады.

         


22.04.2016