Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.05.2017

Алмалы ауданы әкімінің аппараты «Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова атындағы» саябақта Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталуының 72 жылдық мерейтойына орай мерекелік шара ұйымдастырды


28 гвардияшылар-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоятын салтанатты рәсімге Алмалы ауданының ардагерлері Алматы қаласының ретро-автокөліктер клубының  автокөліктерімен құрметпен жеткізілді. 


 
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл ардагерлері үшін Жеңіс күнін тойлау Алмалы ауданында «Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова» атындағы саябақта жалғасып, қала тұрғындары мен қонақтары соғыста опат болған бабаларды еске алып, ортамыздағы ардагерлерді құттықтау үшін жиналды. 



Ауданның шығармашылық ұжымы қатысқан концерттік бағдарламаны Алмалы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырды. Сахна төрінде әскери жылдардағы әндер шырқалды. Одан басқа, дәстүрлі әскери ботқа  пісірілген дастархан жайылды. Шараға Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері, Ауғанстан мен жергілікті соғыс ардагерлері шақырылды. Шараның негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылда еңбек еткен жандарға құрмет көрсетіп, ықылас білдіру. Мұндай сипаттағы шаралар ардагерлерге олардың үзеңгілестерімен кездесіп, бір-бірін құттықтап, өткен күндерді еске алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Мерекелік жиын ардагерлеріміздің ерлігін ұлықтай отыра, өскелең ұрпаққа оларды үлгі етіп, патриоттық тәрбие береді. Одан бөлек, батыр әкелер мен жеңімпаздардың буынын ел азаматтары мен өскелең ұрпақтың рухын көтеруге себеп болатыны айтпаса да түсінікті. 



"Астана" алаңынан мәңгілік алауға дейін "Мәңгілік полк" өткізіліп, шеру аясында мыңдаған қалалықтар Ұлы Отан соғысына қатысқан аталары мен бабаларының суреттерін мақтанышпен алып жүрді. Бұл жылы "Мәңгілік полк" шеруіне Алматы қаласында "Мәңгілік рота" да қатысты. Әскери қызметкерлер бейбіт күні ажал құшқан сарбаздардың портреттерін алып өтті, олардың арасында Ақтөбедегі теракт кезінде қайтыс болған сарбаздар, сондай-ақ, 1995 жылғы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында ТМД сыртқы шекарасын қорғау барысында қаза тапқан сарбаздар бар.

 

Бүгінгі таңда Алмалы ауданында 98 Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектері тұрады, 5 соғыста қаза тапқан ардагерлердің жесірлері, 19 адам Ленинград блокадасына қатысқандар, 15 неміс концлагерінде тұтқында болғандар, 3 523 тыл еңбеккерлері.




09.05.2017