2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.10.2015

Алмалы ауданы әкімі аппараты ҰОС ардагерлерін 90 жасқа толу меретойымен құттықтады


Алмалы ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлім қызметкерлері аудан тұрғындары, Ұлы Отан соғысы ардагерлері Әбдірахман Масақбаев пен Салих Бектеміровті 90 жасқа толған мерейтойларымен құттықтады.

Әлеуметтік сала қызметкерлері ғасырға жуық ғұмыр кешкен туған күн иелерін құттықтап, ұзақ өмір және отбасы және немерелерінің алдында қуанышқа бөленіп, аман болуларын тілеп, арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстады.

Масақбаев Әбдірахман Масақбайұлы - 1925 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында туылған. Совет Армиясында 1943 жылдан 1950 жылға дейін Отан алдындағы борышын өтеген. 1957 жылы С.И. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп, республикамыздың бас жоспарында электрификация және автоматтандыру бөлімінде жұмыс жасаған. 1962 жылы Мәскеу инженер-экономика институтында аспирантура бітірген. Экономика ғылымының кандидаты, 100 аса жұмысы жарық көрген.

Бектеміров Салих Нұрмұхаметұлы - 1925 жылы Ақмола қаалсында дүниеге келген. 17 жастағы бозбала Ұлы Отан соғысына қатысқан. №99 әуе-десант гвардия дивизиясы құрамында болып, Карелия жерін фашистерден құтқарған. Украина майданында Венгрия, Австралия, Чехославакия жерін азат етуге қатысқан. Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Будапешті азат ету үшін», «Венаны азат ету үшін», Германия жеңісі үшін», медальдармен марапатталған.


26.10.2015