Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

14.01.2015

Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен № 5571 әскери бөлімінде орта білім беру мекемелерінің 15-17 жастағы оқушыларының арасында патриоттық іс-шара өткізілді


Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен № 5571 әскери бөлімінде Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы және «Қазақстан-2050» стратегиясындағы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру аясында аудан аумағында орналасқан орта білім беру мекемелерінің 15-17 жастағы оқушыларының арасында патриоттық іс-шара өткізілді.

Шараның мақсаты – Қазақстан армиясының атақ-даңқын ұлықтау, қуаттылығын дәріптеу, жасөспірімдер және жастардың өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Әскери бөлімде таныстыру жұмысын тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыс бөлімі командирі орынбасарының міндетін атқарушы капитан Жусупов Азамат Сайранович жүргізді.

Сондай-ақ, патриоттық шара барысында оқушылар әскери бөлімнің қару-жарақтарымен, техникаларымен, ондағы қызмет ететін сарбаздардың күнделікті тыныс-тіршілігімен, тарихи мұражаймен кеңінен таныс болды.

Осы ретте, отставкадағы полковник тарихи мұражайдың бастығы Махмуд Василий Георгивич атылмыш орында Ұлы отан соғысы туралы қызықты әрі тарихи тұрғыдан маңызды оқиғаларды жас буынға баяндады.

Шара соңында оқушылар әскери бөлімнің жұмысымен жақыннан таныса отырып үлкен әсер алғандарын, осы салада қызмет етуге деген қызығушылықтарының артқандығын жеткізді.
14.01.2015