Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.04.2019

Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен ардагерлер Кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагерін туған күнімен құттықтады


Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен аудан ардагерлер Кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагері Ахметов Канапия Габдуллинұлыны 95 жасқа толған мерекесімен құттықтады.



Ахметов К.Г. 1924 жылы 15 сәуірде Қостанай облысы Жетіқара ауданы 2-ші колхоз ауылда дүниеге келген.1943 жылы пулет училещесін кіші лейтенат дәрежесімен бітіріп, Ленинград фронтына жіберілді. 1943 жылы 314 атқыштар дивизиясында байланыс офицері ретінде шайқасып, кейін 1078 атқыштар полкінің штаб бастығының көмекшісі болды.
1944 жылы 1078 атқыштар полкі Финляндияға шабуылна қатысып, содан кейін 1-ші Украиналық майдан әскер құрамында Прага қаласына шабуылна қатысты. Соғысты 1945 жылы 8мамырда Прага қаласының маңында аяқтады. Жарты жылдан кейін Австриядағы Ноиштат қаласында орналасқан 30-шы  офицерлік полкке ауыстырылып, 1946 жылдың сәуір айына дейін қалды.
Сол жылдың сәуір айында өзінің туылған жері Жетіқара қаласына оралды. 
Батылдық пен ерлігі үшін, бірінші дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз», екі рет «Құрмет белгісі», «Әскери еңбегі үшін» және «Праганы азат ету үшін», «Ұлы Отан соғысындағы жеңіс үшін»медальдарымен, «Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің дипломымен марапатталған және «Қазақстанның білім берудегі үздігі» атағына ие болды.


25.04.2019