Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

День Первого Президента 02.12.2014

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты мереке


Алматы қаласы Алмалы ауданында Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты мереке өтті. Мерекелік шараға танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, әртістер, жастар қозғалысының белсенділері қатысты.

Салтанатты кеш Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жастық және бозбала жасына арналған кішігірім театрланған қойылымнан басталды. Сонымен қоса қойылымға ҚР Президентін инаугурациялау тарихи материалдары енгізілген.

Мерекелік концертте қазақстан эстрада жұлдыздары Шаба Аденқұлқызы, Далел Уашев, «Жігер», «Томирис», «Нұр Мұқасан» ансамбльдері мен басқа да әртістер өнер көрсетті.

Сонымен бірге Чехов атындағы орталық мемлекеттік кітапхана және №4 қалалық кітапхана қызметкерлерінің дайындауымен театрдың фойесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентіне арналған кітап көрмесі өтті. Көрме экспозициясында Н.Ә.Назарбаевтың қызметі және Қазақстанның жаңа тарихына арналған түрлі баспалар мен кітаптар қойылды.

02.12.2014