2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

24.12.2014

Экологиялық фестиваль


Алмалы ауданы І.Есенберлин атындағы № 25 гимназиясында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» аудан мектептері арасында экологиялық фестиваль өтті. Сайысқа № 15, 124, 25 жалпы білім беру мектеп оқушылары қатысты. Шараның мақсаты - табиғатқа қамқормен қарау жауапкершілігін қалыптастыру, Отанға, туған өлкеге, туған қалаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты тәрбиелеу. Фестиваль бес кезеңнен тұрды: 1.Сәлемдесу 2.Экологиялық плакат 3.Табиғи материалдан жасалған бұйымдар 4.Экология тақырыбында театрландырылған қойылым 5. Экологиялық сән Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз орындар келесідей анықталды: 1 орын - № 124 мектеп 2 орын - №15 гимназия 3 орын - І.Есенберлин атындағы № 25 гимназия Конкурстың барлық қатысушыларына естелік сыйлықтар мен Алмалы ауданы әкімі атынан алғыс хаттар табысталды.
24.12.2014