2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.04.2016

Менталды арифметикадан қалалық олимпиада


Менталды арифметикадан  қалалық олимпиада 
«ISMA Kazakhstan» Халықаралық менталды арифмедика мектебі Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының қолдауымен менталды арифметикадан қалалық олимпиада өткізді.
Жыл сайын өтетін менталды арифметка жылдам оймен саланау сайысына биыл да 500 аса бүлдіршіндер қатысты. Менталды арифметика мектебінде жылдап оймен салау машығын игерген балалардың білімін  Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Гулдьина Амалова, Орталық Азия университетінің доценті Муратбек  Бахтияров, ата-аналар комитетінің өкілі Замзагүл Мұқанова және Қазақстан Аниматорлар Ассоциациясының Президенті Ғали Мырзаш бастаған бір топ әділ-қазы алқасы бағалады.
Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау салтанатында жүлделі орын иелеріне бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
ISMA  менталды арифметика мектебі (International School of Mental Arithmetic) – бұл жүйе Қазақстан бойынша 22 қаланы қамтиды. Біздің мақсатымыз  Елімізде балалардың интелектуалдық  қәбілетін  дамыту.
ISMA мектебі Қазақстан Республикамыз бойынша 2013 жылдан бастап жүйелі түрде менталдық арифметиканы оқыту барысында елеулі еңбектер жасап келеді. ISMA әдістемесі балаларда төмендегідей маңызды қәбілеттерді дамытады: Зейінді шоғырландыру; Фотографиялық есте сақтау; Аналитикалық ойлау; Шығармашылық ойлау; Еркін елестету; Дәлдік пен шапшаңдық; Өзіне-өзі деген сенімділік.
ISMA  отандық Әдістемесін  педагог-психолог  маманы  Бердибекова Гүлжан Рапикқызы балаларға тәлім беру, салыстармалы түрде  зерттеулер  жүргізу арқылы ойлап тапты.  Сол кезден бастап авторлық құқығымыз қорғалып, заңды түрде жұмыс жасап келеміз. Жергілікті  балалар психологиясын  зерттей келе, қосымша білім беру арқылы, мидың шексіз мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік жасайтын орталық.  Бүгінгі күні біздің  сапалы жазылған авторлық әдістемеміздің тиімділігін білген ТМД мемлекеттері де біздің әдістемемізге қызығушылық білдіріп, тығыз қарым қатынаста жұмыс жасап келеді. 
Біздің міндетіміз:  Еліміз үшін  ұрпақ тәрбиесіне, сапалы қосымша білім беру негізінде  әлеуметтік, экономикалық деңгейде пайда келтіру деп білеміз. 
Бүгінгі таңда менталды арифметика саласы көптеген халықтың сұранысына ие болып отыр.  Балаларды шыңдай түсу үшін,  біз жылына бір рет Республика және қала  көлемінде  Олимпиада  өткізіп тұрамыз.  Негізінде  ISMA әдістемесі он деңгейден тұрады. Әр деңгейден өту үшін мамандар мен оқушылар арнайы емтихан тапсырады. Біздің мектебімізде  мамандар  балалардың  психолгиясын түсінетін,  ISMA әдістемесін жақсы меңгерген, нағыз  ұстаз бола білетіндер  ғана дәріс бере алады. 
Биылғы жылдың 19 – наурыз күні қалалық Олимпиадаға  6-15 жас аралығында жалпы саны  649 бала қатысқан болатын.  Олардың ішінде әр деңгей бойынша 1-ші орын 60 бала, 2-ші орынды 70 бала, 3-ші орынды 70 бала иеленді.  Осы сайыс арқылы ең үздік, алғыр балалардың теңдессіз ұшқырлығын анықтап, диплом, алқа және сыйлықта.Осы сайыс арқылы ең үздік, алғыр балалардың теңдессіз ұшқырлығын анықтап, диплом, алқа және сыйлықтарға ие болды. 
08.04.2016