Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.12.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік


2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ филиалдарында биыл төртінші рет Ашық есік күні өтеді.  Бұл жолы салымшылар үшін өзекті әрі маңызды мәселе зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттің беретін кепілдігі туралы тақырып төңірегінде болмақшы. 
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жүйесіне байланысты толық сауалдар жиынтығы бойынша салымшыларды хабардар ете отырып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.  



Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында республикамызда зейнетақы жүйесін реттеудің заңнамалық базасы қалыптастырылғаны, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік енгізілгені көрсетілген.  Тұжырымдамалық ереженің маңызы зор, оған сәйкес жарналар капиталданады және қаржы құралдарына инвестицияланады, кіріс инвестициялық қызметтің нәтижелеріне, сондай-ақ қаржы нарықтарының жай-күйіне байланысты қалыптасатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зейнетақы жинақтары есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржылық құралдар тізбесіне енгізілген қаржылық құралдарға зейнетақы активтерін орналастыруды жүзеге асырады. 
Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей үлгісі қолданыста. «Бұл үлгіге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабы негізінде төлемдерді алу құқығы басталған кезде әрбір алушыға инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) сомасы және жеке зейнетақы шотындағы олардың зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлем сомасы жеке есептеледі. Осылайша, 5-бап  зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдікті көздейтінін»  «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағы филиалында атап өтті.  
Мамандар тұсаукесер өткізу барысында БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары қалай жиналады, түрлі қаржы құралдарына қалай инвестицияланады, кімнің мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алуға құқығы бар, сондай-ақ  қайда хабарласуға болатыны туралы 12 желтоқсанда өтетін іс-шарада толығырақ айтып түсіндіреді. Сондай-ақ  БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының тұсаукесерден кейін бірден өздерін қызықтыратын барлық сауалдарға толық әрі жан-жақты жауап, жеке консультация алуға мүмкіндіктері бар.


06.12.2017