Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Информационная работа по разъяснению Послания Президента 28.11.2014

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің аудан тұрғындармен кездесулері


Алмалы ауданында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың басшылығымен ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің аудан тұрғындармен кездесулері өтті.

27 және 29 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша мақсатты бағытталған ақпараттық жұмыстарды өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаевтың басшылығымен ақапараттық-насихаттық топ мүшелерінің аудан тұрғындармен кездесулері өтті.

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты қандай болмақ? Біріншіден, Мемлекет басшысы атап өткендей, ол контрциклді болады. Қысқаша айтқанда, бұл экономикалық баяулау кезеңдерінде мемлекеттік шығыстарды өсіруді және жоғары экономикалық белсенділік кезеңдерінде мемлекеттік шығыстарды тежеуді білдіреді. Екіншіден, жаңа экономикалық саясат біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталатын болады. Бұл бәсекеге қабілеттілікті, өнімділікті арттыру, экономиканың құрылымын, оның жаңа тауарлар шығару мен қызметтер ұсыну қабілетін жақсартатынын білдіреді. Сондықтан Ұлттық қордың жаңа инвестициялары экономиканы одан әрі қайта жаңартуға бағытталады. Ең алдымен бұл - көлік, энергетика, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті дамыту»,- деді Е.Досаев.

Министр инфрақұрылымды дамыту ішкі сұраныстың өсуіне ықпал етіп, жаңа өндірістердің дамуына, бизнес пен халық үшін іскерлік байланыстар мен жаңа мүмкіндіктерді арттыруға, өңірлердің экономикалық интеграциясына қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті.

Кездесулер С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, Қалалық кардиологиялық орталықта, «Метрополитен» КМК, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, Алматы қаласы статистика департаментінде, Алматы аумақтық диагностикалық орталығында өтті. Ауданда барлығы РАТ 19 мүшесімен 7 кездесу өтеді. Қатысушылардың жалпы саны 2000 адамды құрайды.

28.11.2014