Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Ко Дню независимости студенты организовали флешмоб 10.12.2014

«Тәуелсіздік - тірегім, деп соғады жүрегім» атты флеш-моб өтті


Алмалы ауданында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Тәуелсіздігіміздің 23 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік - тірегім, деп соғады жүрегім» атты флеш-моб өтті.

50-ден астам студент пен «Ұлан» гвардиясының сарбаздары «Қазағым менің, ұлы елім. Көркейе бер мәңгілік!» деп ұрандады.

Салтанатты шара тәуелсіздік құндылықтарын ұлықтау, жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа баулу, патриоттық сезімдерін оятуға бағытталған.

Акция одан әрі «Елдіктің, теңдіктің тірегі - Тәуелсіздік» атты мерекелік салтанатты кешке ұласты.

Мемлекеттік әнұранмен ашылған кеште «Үшқоңыр», «Астана», «Туған жер», «Ауылым», «Атамекен», «Қазақ елі осындай» сынды Тәуелсіздік рухын танытатын әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер орындалды. Сондай-ақ, Қыздар университетінің қыздары ұлық мерекеміз Тәуелсіздік күніне бимен шашу шашса, ақын қыздары өз шығармашылығынан егемен елімізге арнаған арнау өлеңдерін оқыды. Салтанатты шара оқу орнының әйгілі «Айгүл» ансамблінің орындауындағы «Өз елім» әнімен аяқталды. Парасат мектебіне айналған оқу ордасы осылайша, 23-рет қарсы алғалы отырған, азаттық алып, аңсаған арманымызға жеткен Тәуелсіздік күнін атап өтті.

Айтулы мереке аясында сонымен қатар, оқу орнының дамуына, білім мен ғылым саласына айрықша үлес қосқан 30-дан аса қызметкер «Ұлағат» алтын, күміс және «Құрмет белгісі» медальдарымен марапатталды.

«Егемен еліміз үшін Тәуелсіздік күнінен асқан үлкен мереке жоқ. Азаттықтың арқасында бүгінде Қазақстан төрткүл дүниеге терезесі тең, керегесі кең, ұлт пен ұлыстары тату, экономикасы тұрақты даму үстіндегі болашағы зор мемлекет ретінде танылды. Толайым жетістіктерге жетіп, елдіктің іргетасы қаланды. Әрдайым тыныштық пен тұрақтылыққа қол жеткізген еліміз аман, заманымыз тыныш, ортақ Отанымыз Қазақстан гүлдей берсін. Мемлекетіміз тұғырлы, Тәуелсіздігіміз ғұмырлы, егемендігіміз баянды болсын», - деп ақ жарқын тілегін білдірді оқу орнының бірінші проректоры Баходир Әлиев.гүлдей берсін. Мемлекетіміз тұғырлы, Тәуелсіздігіміз ғұмырлы, егемендігіміз баянды болсын», - деп ақ жарқын тілегін білдірді оқу орнының бірінші проректоры Баходир Әлиев.

10.12.2014