Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Конференция молодых организаций 21.11.2014

Жастар ұйымдарының қалалық конференциясы


Алматы технологиялық университетінде «Жастар - азаматтықтың үлгісі және олардың қоғамдағы рөлі» атты жастар ұйымдарының қалалық конференциясы өтті.

Шараға Алматы технологиялық университетінің бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Б.Нұрахметов, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары А.Бекжанова,Алматы қаласы жастар саясатын дамыту - мемлекеттік қорының басшысы С.Сеитов, Алматы технологиялық университетінің проректоры Қ.Батхолдин, аталмыш оқу орны жастар кеңесінің төрайымы А.Кәтіш, «Нұр Отан» Партиясы Алматы қалалық филиалының өкілі М.Шаухарова, ВТБ Банк Қазақстан сату және жеке тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің бастығы А.Бекебаев, «Ұлттық ғылыми - техникалық ақпараттар орталығы» акционерлік қоғамының қаржы - экономикалық жоспарлау департаментінің бас маманы Т.Азатұлы және өзге де Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ осы оқу орнының оқытушылары мен студент жастары қатысты.

Іс-шара барысында жастар кеңесі қызметінің студенттерді патриоттық сезімге, азаматтық қасиетке, ұйымдастырушылық шеберліктерін шыңдауға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеудегі маңызды рөл атқаратындығы айтылды.

21.11.2014