Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.05.2016

«Динамо» стадионында балалардың спорттық-сауықтық «Үміт бастауы» мерекесі өтті


Балалардың спорттық-сауықтық «Үміт бастауы» мерекесі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Динамо – Қазақстан балаларына. Жүректен – жүрекке» қайырымдылық шарасының шеңберінде өтті. 



 «Ширату» флешмобы спорт мерекесінің бастауы болып, спорттық жинақылықтарын көрсетіп, жеңіске ұмтылған қатысушылардың шаралар шеруімен салтанатты түрде басталды.



Спорт – ойын-сауық әрі денсаулық!



Дәл осыны негізге алып балалар мерекені ұйымдастырды. Мереке бағдарламасында «Жас Динамо» қоғамдық қозғалыстың балалар мен жастарға арналған секциясының көрнекі көрсетілімі, спорттық эстафета, спорттың дәстүрлі және көше түрлері бойынша, сәндік-қолданбалы және көркем өнер, қолөнердің қазақ ұлттық түрлер мен балалар техникалық шығармашылығы назарға ұсынылды.



Алматы қаласының балалар көркемөнер ұжымдары, сондай-ақ, халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылық байқауының қатысушылары мен жеңімпаздары, сондай-ақ, Т. Жүргенов атындағы ҰӨА шығармашылық ұжымы өнер көрсетті. 



Балалардың шат күлкісі спорт, музыка мен шығармашылықты үйлестірген осы бір атаулы күні басты түйін болып табылды. 


  


31.05.2016