Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

25.12.2014

Жаңа жылдық шырша


Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан әкімінің шыршасы өтті. 

Жаңа жыл мерекесінде ауданның жетім, отбасы толық қамтылмаған балалар мен оқу үздіктері мен түрлі сайыстарда топ жарған оқушылар шақырылды. 

Балаларға арналып Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жаңа жылдық «Батыл көжектер» спектаклін ұсынды. Ертегі сюжеті бойынша жаңа жылды асыға күткен ертегінің бас кейіпкерлері Сукөжек, Ақкөжек және Тиін мен Көксерек айлакер Түлкінің өзін алдап, Аяз Ата мен Ақшақарды құтқаруға қиын да қызықты сапарға аттанады. Аң патшасы Арыстанның мұз сарайына тап болған олар таңғажайып көріністердің куәсі болады. Барлық қиындықтарды жеңген достар Жаңа Жылды көңілді қарсы алады! 

Спектальден кейін, мерекеге келген барлық балалар Аяз ата мен Ақша қардың және театр әртістерінің қатысуымен болған жаңа жылдық қойылымға қатысып, ән салып би биледі, мерекеге келген бір де бір бүлдіршін сыйлықсыз қайтпады.

25.12.2014