Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.01.2018

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі Естенов Жасұланның тұрғындар алдында есептік кездесуі № 90 лицейде өтті


Кездесуге қалалық басқарма басшылары, аудандық құрылымдық бөлім басшылары, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева, №6 округ бойынша қалалық мәслихат депутаты Жанна Төлегенова, аудан әкімінің орынбасарлары, ПИК, Өзін – өзі басқару комитеті  төрағалары, және аудан тұрғындары қатысты.



Есептік кездесуге жиналғандар алдында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытынды бойынша есеп берген аудан әкімі Жасұлан Естенов аудандағы көріктендіруге жауап беретін маңызды саланың жұмысын айрықша атап өтті. 2017 жылы алып шаһарымызда оның ішінде Алмалы ауданында дат сәулетшісі Ян Гейлдің жобалары  жүзеге асырылды.
Бұл бағытта Жібек жолы, Гоголь, Панфилов, Қабанбай батыр көшелерінде және Астана алаңында жаяу жүргіншілер аймағына көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Ағаштар отырғызылды, жаңа субұрқақтар орнатылды, балалар ойын кешендері және кіші сәулеттік нысандар орнатылды. Жібек жолы көшесінің бойында тегін мұз алаңы ашылды. Байсейітова, Қарасай батыр көшесі мен «Тастақ» ықшамауданындағы Дүйсенов көшелері жаяу жүргіншілер аймағы жөндеу жұмыстарынан кейін көпшіліктің демалуына сүйікті орындарына айналды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Биокомбинат», «Сиреневый» саябақтары ағымдағы жөндеуден өткізілді.  



Баршамызға белгілі Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында алдымызда қойылған міндеттердің бірі – мемлекеттік бюджеттен тыс қаржыландыру арқылы бизнес өкілдерін және аудан азаматтарын туған жеріне игі істер жасауға, белсенділік танытуға тарту. Бизнес өкілдерінің қолдауымен балаларға арналған 8 ойын және спорт алаңдары, Абай даңғылы, 141 мекенжайында хоккеймен айналысуға арналған мұз айдыны қайтадан жөндеуден өткізіліп, ашылды. 



Жиынның ресми бөлімінен кейін тұрғындар мен атқарушы органдар арасындағы сындарлы диалог түрінде тұрғындарға қатысты мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік саладағы мәселелер, жақсарту және Алмалы ауданын одан әрі дамыту. Аудан әкімі барлық сұрақтарға құзыретті және жан-жақты жауаптар берді, сонымен қатар тұрғындармен көктерілген кейбір сұрақтар  аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.








30.01.2018