Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Оркестру имени Курмангазы - 80 лет 04.12.2014

Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестріне 80 жыл


Ұлттық кәсіби музыка өнеріміздің қарашаңырағы атанған, әлемге әйгілі Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы, Дүниежүзілік және Халықаралық конкурстардың лауреаты, «Халықтар достығы» орденді Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестріне 80 жыл.

Оркестр ұжымы осы айтулы мерекесін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арнады.

Мерейтой шымылдығы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында елімізге белгілі өнер саңлақтарының қатысуындағы концертпен ашылып, 3 желтоқсан күні оркестр ғимараты залында өткен бірінші Республикалық «Қазақ ұлт аспаптары оркестрлерінің репертуар мәселесі» атты конференциямен және қорытынды концертпен жабылды.

Кешке КСРО Халық артисі, Еңбек ері - Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның Халық артисі - Нұрғали Нүсіпжанов, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты - Майра Мұхамедқызы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты - Талғат Күзембаев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері: Дәлел Уәшев, Алтынай Жорабаева, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының иегері - Батыржан Мықтыбаев, Мәдениет қайраткері - Қайрат Какимов, Тұңғыш Президент қоры сыйлығының иегері - Ерлан Рысқали, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары: Айзада Капонова, Ардақ Итекеева, Ағайша Жұрбай, Айнагүл Адилова, Әсел Рақымжан және Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы қатысты.

04.12.2014