Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.02.2015

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі Серік Құсайыновтың ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есептік кездесулері жалғасуда


Кезекті кездесулер М. Әуезов атындағы № 128 жалпы білім беру мектебі және М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы базасында өтті.

«Ауданды көріктендіру мен санитарлық жағдайын қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі болып саналады. М. Ганди саябағында және Алматы ауыр машина жасау зауыты алдындағы тынымбақта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, суару жүйелері, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жарық беру құралдары, қоршаулар, бордюрлер орнатылды және жолдарға асфальт төселіп, арық жуйелеріне ақыртастар қойылды» - деп атап өтті аудан басшысы Серік Құсайынов өзінің баяндамасында.

Артынан аудан басшысы Серік Құсайынов тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, тиісті бөлім басшыларына бір қатар тапсырмалар берді. Барлық сұрақтар аудан әкімінің жеке бақылауына алынды.

05.02.2015