Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

26.04.2016

Поэтикалық марафон


Ақбасты  Алатаудың  бөктеріндегі  әсем де  көрікті Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойы  биыл ЮНЕСКО  көлемінде тойланбақ. Осыған орай қалалық орталық А.П.Чехов атындағы кітапханада Абай атындағы Қазақ ұлттық Педагогикалық университетінің филология факультетінің  «Жас қалам» әдеби-мәдени клубының ұйымдастыруымен «Алматы-1000» тақырыбы аясында филология факультетінің студенттері арасында жыр жекпе жегі болып өтті.
Мақсаты: Сан ғасырлық тарихы бар, азаттықтың алтын бесігі  болған Алматы қаласын  жырға қосу, туған қаласын сүюге үндейтін шығармалар дүниеге келуіне ұйытқы болу. 
Жыр сайысы екі кезенмен өтті:
1.Алматы жайлы сүйікті  авторларының өлеңін оқу.
2.Алматы жайлы өздері шығарған  өлеңдерін оқу.   
Жыр сайыста белсенділік көрсеткен студенттер: Мөлдір Маман, Гұлнұр Ибатулиева, Шапағат Шералы, Айдана Қайсарбекқызы, Сымбат Жүніс, Рамазан Пейізов. 
Ғ. Мүсірепов балалар және жастар театрының әдебиет  бөлімінің меңгерушісі Ағзия Жайлықызы,  Абай атындағы Қаз ҰПУ-дың «Жас қалам» әдеби–мәдени бірлістігінің  мүшесі Сайлаухан Абылай, кітапхана қызметкері  Көшенова Тәбия жыр сайысына қазылық  етті.


26.04.2016