Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.05.2017

Ұлы Жеңістің батырлары – қазақстандықтар» кітабының тұсаукесері


Қазақстан жазушыларының кітапханасында «Ұлы Жеңістің батырлары – қазақстандықтар» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Алмалы ауданы мектептерінің оқушылары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің туыстары қатысты. «Ұлы Жеңіс батырлары – қазақстандықтар» кітабы «Нұр Отан» партиясы қоғамдық саясат институты мен «Интеллект Орда» Халықаралық социогуманитарлық зерттеулерді біріктіру институтының «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жасалған біріккен еңбегінің жемісі.



Екітомдықта Кеңес Одағының Батыры және Халық Қаһарманы атақтарын иеленген 615 қазақстандық туралы ақпараттар бар. Кітаптың тұсаукесері кезінде іс-шараға қатысушылар Ұлы Отан Соғысының кейіпкерлері және олардың ерліктері туралы қысқаметражды фильмді тамашалады. Сонымен қатар, ҰОС ардагерінің қызы Хвастова Любовь Семеновна тұсаукесерге жиналған қауымға соғыс жылдарынан өз естеліктері мен қызықты деректерді айтты. Соғысқа қатысқандарды, одан оралғандарды еске алды. Балалар үлкен қызығушылықпен өз жерлестері, Ұлы Отан соғысының қатысушылары туралы әңгімелерді тыңдады.



Екі томдықтың басты мақсаты – жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу және біздің мемлекетіміздің Батырлары туралы естелікті сақтау. Игі шара соңында «Ардагерлер, сіздерге бас иеміз» кітапханалық көрмесіне шолу жасалынып, Ұлы Отан соғысы туралы әдебиеттер, сондай-ақ, майдангер жазушылардың кітаптары ұсынылды.
Балалар тақпақ оқып, ән айтып, соғыс туралы әндерді тыңдап, викториналық сұрақтарға қатысып, соғысты бастан кешірген туыстары мен жақындары туралы айтып, іс-шараға белсенді қатысты. Игі шара соғыс жылдарындағы әндерді ұжым болып орындаумен аяқталды. 


05.05.2017