Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.09.2018

Мешіт жамағаты арасында «Отбасы күні» аталып өтті


Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі қолдауымен «Төле би» мешітінің ұйымдастыруымен «Отбасы күніне» орай, мини футболдан жарыс өтті. Аталған шараның негізгі мақсаты мешіт жамағаты арасындағы салауатты өмір салты мен отбасы құндылықтарын насихаттау болып
табылады. 


Жарысқа «Төле би» мешітінің жамағаттарынан құралған 18-60 жас аралығындағы ойыншылардан тұратын 4 команда қатысты. Ойын өте тартысты өтіп, соңында жеңімпаз командаға ақшалай сыйлық берілді. 



Елімізде «Отбасы күні» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 511 Жарлығымен әр жылы қыркүйектің екінші жексенбісі аталып өтеді. «Отбасы күнін» Қазақстанда мерекелеу неке мен отбасы институтын, сонымен қатар қоғамда имандылықты және руханилықты нығайтуға негізделген болып табылады.


11.09.2018