Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

20.06.2018

«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңын түсіндіру» бойынша құқықтық семинар өткізілді


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында құқықтық білім беру мектебінің басшысы А. Бекжанованың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық, іскерлік деңгейлерін арттыру, сонымен қатар, жауапкершілік пен қызметтік тәртіпті күшейту барысында аппарат қызметшілеріне арналған ҚР-ның «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы бойынша, 2018 жылғы Жоспарға сәйкес құқықтық семинар өткізілді. Баяндамашылар – мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы А. Ануарбек, Алмалы ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Н.Бөжеев.



Құқықтық семинардың мақсаты ҚР-ның «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын түсіндіруге, ашық конкурстық іріктеуді қамтамасыз ету, құзыреттілікке негізделген мансаптық өсу, кәсіптік тәртіп пен этика, нәтижелерге негізделген еңбекақыны анықтау. Мұндай көзқарас мемлекеттік қызмет жүйесіндегі протекционизмге (сыбайластыққа) жол бермеуге мүмкіндік береді.
Елбасы өзінің Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндамасында халық пен мемлекетке қызмет етуді бәрінен биік қоятын, кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға баса назар аударып келетіндігі туралы атап кеткен. Жоғары тиімді мемлекеттік қызметті құру елдің әлеуметтік- экономикалық дамуының қажетті шарты және оның өркендеуінің кепілі болып табылады. Осы саланы жаңғырту «Қазақстан – 2050» Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болды, оның іске асырылуының басты мақсаты 21 ғасырдың ортасында әлемнің ең 30 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру. Осы жылдар ішінде мемлекеттік қызмет жүйесінде үш реформа жүргізілді. Олардың барлығы мемлекеттің өзгеруі мен мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасу процестеріне тікелей байланысты. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңында мемлекеттік қызметтің қағидаттары, лауазымдар иерархиясы, қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері белгіленген, құқықтық мәртебесі анықталған, және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізілген.
Семинар барысында қатысушылардың баяндамашыларға қойған сұрақтарына толық жауап берілді.


20.06.2018