Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Школа женского лидерства 16.10.2014

Әйелдердің көшбасшылығы мектебі


     15 қазан күні «Демократия үйінің» диалог алаңында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Алмалы ауданы әкімінің аппараты «Ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, «Әйелдердің көшбасшылығы мектебін дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасы аясында әйелдер көшбасшылығы мен гендерлік теңдік мәселелері бойынша семинар-тренинг ұйымдастырды.

     Іс-шараға Алмалы ауданы бойынша Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Л.М. Иргебаева, «Ақпараттық-ресурстық орталығы» ҚҚ директоры А.О. Көбеева, «Қазақстан жастарының медиаодағы» ЖҚ директоры С.А. Галиева, имиджмейкер М.Ә. Рамазан, аудандық денсаулық сақтау, орта және ірі бизнес өкілдері, ЖОО мен АОО басшылары, мектеп директорлары және балабақша меңгерушілері қатысты.

     Шара барысында Алмалы ауданы бойынша Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Л.Иргебаева сөз алды. Ол өз сөзінде, семинардың ерекшелігі заманауи ортада және қазіргі Қазақстанның саяси бағытындағы өзектілігінде деп көрсетті.

     Семинар қатысушыларына «Қазақстан жастарының медиаодағы» ЖҚ директоры Светлана Галиеваның лекциясын БАҚ пен өзара әрекеттесу, жарнама және PR - табыстың құрамдас бөлігі бойынша дәріс беріп, өмірлік кеңестірімен бөлісті. Ал имиджмейкер Мадин Рамазан іскери адамның имиджіндегі халықаралық стандарттары бойынша бірқатар пайдалы тестілер, имиджілік жеке кеңестер және көрнекілік құралдардың көмегімен қатысушылардың ризашылығына ие болды.

     Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға «Әйелдердің көшбасшылығы мектебі» атты тренингке қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

16.10.2014